Өрімдей жас қыздың 70-тен асқан қарияны өлімше етіп сабағаны қоғамның ашуын туғызды
Алматы облысында 11 сынып оқушысы 70-тен асқан апаны осы сиыр үшін туындаған түсініспестіктен соң ұрып тастапты. Әженің қолын қайырып, саусағын сындырып, басын жарған қызды төбелес кезінде көршілері әрең ажыратқан. Айдың күннің аманында өрімдей қыздың соншама қатыгездік көрсетуіне не себеп?